08
апрель
2026
PIRLS-2026 халықаралық зерттеуінің сынақ кезеңі өтті
ШЖҚ «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де 2026 жылғы 8 сәуірде 4 «А» және 4 «Г» сынып оқушылары мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 халықаралық зерттеуінің сынақ кезеңіне қатысты.
Зерттеу барысында білім алушылардың оқу сауаттылығы, мәтінді түсінуі және ақпаратты талдау дағдылары бағаланды. Бұл сынақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға және халықаралық зерттеу талаптарына бейімделуіне мүмкіндік береді.






