02
апрель
2026
АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде гимназияның 11-сынып оқушыларына «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында білім алушыларға Конституцияның маңызы, заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік және құқықтық мәдениет туралы кеңінен түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, отансүйгіштік пен елжандылық құндылықтарын нығайту. Осындай тағылымды шаралар оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауына бағыт береді.





