20
октябрь
2025
Республика күніне орай «Әкем, анам және мен» отбасылық эстафетасы ұйымдастырылды
Республика күні қарсаңында гимназияда отбасылық құндылықтарды дәріптейтін жарқын шара өтті. «Әкем, анам және мен» эстафеталық сайысында 4-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге бақ сынап, бірлік пен татулықтың, спорт пен сергектіктің үлгісін көрсетті.Жарыс барысында отбасылар жылдамдық пен ептілікті ғана емес, өзара қолдау мен түсіністікті де паш етті. Мұндай шаралар оқушылардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.Эстафетаға белсенді қатысып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған барлық отбасыларға алғыс білдіреміз. Бірлігі жарасқан отбасы – қуатты елдің тірегі. Республика күні құтты болсын!Осы рухтағы мерекелік шаралар білім мен тәрбие кеңістігін байытып, жас буынның жүрегінде еліне деген сүйіспеншілікті нығайта береді.





