24
май
2024
Білімім - Отаныма
2024 жылдың 24-мамыры күні ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимсназия" МКК-нің оқушыларына 2023-24 оқу жылының аяқталуына байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Білімім Отаныма» тақырыбында біріңғай сынып сағатары өткізілді. Отанымызға білімді ұрпақтың қажеттігін, сапалы білімнің күші мен маңызын, саналы тәрбиенің мәнін оқушылар бойына сіңіру мақсаындағы сынып сағаттары дискуссия, ойын квест сияқты әр түрлі форматта жүргізілді. Сынып сағатарына алған әсер оқушыларды рухани байытып, тәрбиелік мәні бар дүниелерге қол жеткізулеріне, қоғамда білімді ұрпақтың орны ерекше екендігіне сендіреді.
Бұл – 1-11 сынып оқушыларына арналған шара. Сынып сағаты 9.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Одан кейін білім алушылар Оқу-ағарту министрінің жолдаған құттықтау сөзін тыңдады. Мұнда сынып жетекшілері оқушылармен бірлесе отырып оқу жылын қорытындылады. Тәрбие сағатында білім алушылардың білім нәтижесі, сондай-ақ білім, өнер, спорт салаларында жеткен жетістіктері айтылып, арнайы грамоталармен марапатталды.







