Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қоғам. Отбасы. Өнер» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті
10
апрель
2026

«Қоғам. Отбасы. Өнер» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті

«Қоғам. Отбасы. Өнер» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті

М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасының мемлекеттің берік тірегі екенін бала санасына ұғындыру мақсатында «Қоғам. Отбасы. Өнер» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.

Конференцияға актер, тележүргізуші, дубляж маманы, Мәдениет саласының үздігі Қайрат Әділгерей және Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің оқытушысы, әнші Бақыт Тұрман қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларынан және отандық фильмдерден көріністер қойып, көрерменге ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Нұрсұлу Амангелдіқызы мен Құралай Әбдікерімқызына, сахнада өнерімен жарқыраған 10 «А» және 10 «Б» сынып оқушыларына, сондай-ақ балаларға қолдау білдірген ата-аналарға алғыс білдіреміз.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: