Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқырмандар конференциясы. Танакөз поэмасы.
16
ноябрь
2023

Оқырмандар конференциясы. Танакөз поэмасы.

    М.Мақатаев атындағы № 140 гимназияның 8 «Е» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нұрсұлу Амангелдіқызының жетекшілігімен «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында оқырмандар конференциясы өтті. Таңдалған шығарма— “Танакөз” поэмасы. Бұл шығарма оқушыларға жаз айында оқуға берілген. Оның авторы — Мұхтар Шаханов. Поэма достыққа деген адалдықтың биік үлгісін көрсетеді. Ақын замандас өмірін әр қырынан суреттеп, кейіпкерлерінің болмысынан ұрпаққа өнеге болар ой түзейді. Поэма адамдардың тағдыры, мінезі, кейіпкердің ой-толғанысы арқылы ашылады.
    Шара барысында сынып оқушылары көрерменге поэма туралы көптеген мәліметті таныстырды, қойылым қойып, конференция соңында сынып әншілерінен құралған квартет әсем ән орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жалпы ұйымдастырылған шараға жиналған көрермен оң бағасын берді. Оқырмандарымыз көбейе берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: