Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу
06
апрель
2026

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу

М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында оқушылармен профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге Бостандық аудандық полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Құттымұратов Жандарбек Мәдиұлы және полиция аға лейтенанты Төкен Шыңғыс Ерменұлы қатысып, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу және жеке қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Осындай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: