Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
06
апрель
2026

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ

М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Бостандық ауданы АПБ жанындағы ПБ КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Байгелов Ескендір 8–11 сынып оқушыларына «Буллинг және кибербуллинг», «Ерте жүктілік», «Дропперлік», «Құқықбұзушылық» тақырыптарында дәріс жүргізді.
Кездесу барысында білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық үшін жауапкершілік, ерте жүктіліктің салдары және дропперліктің қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізіліп, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: