13
январь
2025
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ
М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Бостандық ауданы ПБ полиция майоры Әмір Райымбек Рашидұлы 8–10 сынып оқушыларына «Кибербуллинг, буллинг, дроппер, жалған ақпарат тарату» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға интернет қауіпсіздігі, әлеуметтік желідегі мәдени қарым-қатынас, дропперліктің құқықтық салдары және жалған ақпарат таратудың жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында профилактикалық әңгіме өткізіліп, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз цифрлық орта туралы түсініктерін кеңейту және құқықбұзушылықтың алдын алу.