Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Құқықбұзушылық және буллингтің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді
02
сентябрь
2025

Құқықбұзушылық және буллингтің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді

М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясында білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге Бостандық ауданы АПБ жанындағы ПБ КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Айтбай Шахзат Мұратұлы қатысып, оқушыларға «Құқықбұзушылық және буллингтің алдын алу» тақырыбында дәріс жүргізді.

Дәріс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, пайдалы кеңестер берілді.

Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық бағытта маңызды ақпарат алды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: