Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2023

Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу

6- 8 сынып ата –аналарына «Оқушылардың арасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында  ата –аналар жиналысында баяндама оқылып, тренингтік жаттығулар жүргізілді.  Жиналыс барысында  қысым көрген балаға ата –ана  тарапынан қандай көмек көрсетуге болатындығы , буллинг болған кездегі ата –ананың алгоритмі түсіндірілді.  Ата-аналармен кері байланыс ретінде « Мен саған сенемін» тренингтік жаттығуы орындалды. Жиналыста интернеттегі, әлеуметтік желілердегі киберқауіпсіздік жайлы айтылып, балаларды электронды темекі, синтетикалық заттардан аулақ болуға үйрету керек екендігі ескертілді. Мектеп инспекторы Әйгерім Маратқызы әлеуметтік желіде қауіпсіздік сақтау керек екендігін айтып, қандай топтар бар екені, балалардың ұялы телефонын тексеріп, бақылауда ұстау керек деп ескертіп айтты. Құқық бұзушылық болған жағдайда қандай іс-шаралар жүргізілетінін түсіндіріп өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: