03
декабрь
2025
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ
М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Бостандық ауданы АПБ жанындағы ПБ КПБ жедел уәкілдері, полиция аға лейтенанттары Ескендір Байгелов пен Шахзат Айтбай білім алушыларға «Суық қаруларды қолдану және дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында білім алушыларға суық қаруды заңсыз қолданудың салдары, дропперлік әрекеттердің қауіптілігі, интернет алаяқтық схемалары және кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.