Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
06
апрель
2026

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Бостандық ауданы АПБ ЖПК ЮПБ жанындағы ПБ КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Куттымуратов Жандарбек пен полиция аға лейтенанты Тукен Шыңғыс 8–11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында дәріс жүргізді.
Кездесу барысында білім алушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзудың жауапкершілігі және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізіліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: