29
апрель
2026
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Бостандық ауданы АПБ жанындағы ПБ КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Байгелов Ескендір 10-сынып оқушыларына «Буллинг және кибербуллинг», «Ерте жүктілік», «Дропперлік», «Құқықбұзушылық» тақырыптарында дәріс жүргізді.
Кездесу барысында білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, ерте жүктіліктің салдары, дропперліктің қауіптілігі және құқықбұзушылық үшін жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізіліп, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алып, олардың заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.