04
май
2026
ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТӘРТІП – БАСТЫ ҚАҒИДА
М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Бостандық ауданы АПБ жанындағы ПБ КПБ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Байгелов Ескендір 9-11сынып оқушыларына «Ақша жинамау», «Түнде көшеде жүрмеу» тақырыптарында дәріс жүргізді. Кездесу барысында білім алушыларға заңсыз ақша жинаудың салдары, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруіне қатысты талаптар мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.







