06
апрель
2026
Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік – басты назарда

М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Көмек» бағдарламасы аясында оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ТЖМ қызметкерлері оқушыларға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз әрекеттер, өзін-өзі қорғау жолдары, сондай-ақ төтенше жағдайда дұрыс әрі жедел шешім қабылдау дағдылары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайларда сабырлық таныту және әрекет ету алгоритмін нақты білу қажеттігі түсіндірілді. Бұл кездесу оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.





