Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-қимылы
08
февраль
2024

«Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-қимылы

2024 жылдың 8 ақпанында ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен "Баршаңыздың назарына! сигналында халықтың іс-әрекеті" тақырыбында Алматы қаласының барлық мектептеріне "ZOOM" платформасы арқылы  онлайн дәріс өтті. Бұл дәріске ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК-нің 9-сынып оқушылары қатысты.  Жиналыстың спикері - Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері -  Баймухамбетова Сандуғаш Амантайқызы. Жиналыс барысында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ең бастысы төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосып қою керек. Ай сайын ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен түрлі тақырыптарда жиналыстар өтіледі. Бұл үшін де ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне мектеп әкімшілігі, ата-аналар тарапынан алғыс білдіреміз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: