Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті. Алматы қаласының зардап шеккен тұрғындарын қабылдау пункттері
11
январь
2024

ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті. Алматы қаласының зардап шеккен тұрғындарын қабылдау пункттері

2023 жылдың 11 желтоқсанында ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен "Алматы қаласының зардап шеккен тұрғындарын қабылдау пункттері" тақырыбында Алматы қаласының барлық мектептеріне "ZOOM" платформасы арқылы  онлайн дәріс өтті. Бұл дәріске ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК-нің 6-сынып оқушылары қатысты.  Жиналыстың спикері - Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері -  Баймухамбетова Сандуғаш Амантайқызы. Жиналыс барысында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар зардап шеккен халықты қабылдау пункттері  бойынша толық ақпарат берілді. Ай сайын ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен түрлі тақырыптарда жиналыстар өтіледі. Бұл үшін де ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне мектеп әкімшілігі, ата-аналар тарапынан алғыс білдіреміз. 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: