06
апрель
2026
KIMEP университеті өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті

М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 10–11 сынып оқушылары KIMEP университетінің оқытушыларымен кездесті.
Кездесуге қауымдастырылған профессор Сринивас Йеррамсетти, ассистент-профессор Ұлжан Қазыбекова және қабылдау комиссиясының маманы Джамиля Мыңжасарова қатысып, оқушыларды университеттің білім беру бағдарламаларымен, оқуға құжат тапсыру тәртібімен таныстырды. Іс-шара барысында оқушылар жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай кездесулер болашақ мамандықты саналы таңдауға және кәсіби бағдар беруге ықпал етеді.





