Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
февраль
2023

10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Депортаментінен мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әділет подполковнигі Кошкенов Мадияр Серикович пен кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Әділет капитаны Дүйсенбаев Мақсат Арманұлы 10-11 сынып оқушыларына Академияға оқуға түсу туралы ақпарат берді. Қонақтарымыз болашақ талапкерлерді оқу орнының қалыптасу және даму тарихымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары үшін мамандарды дайындау жұмысының негізгі бағыттары және перспективаларымен таныстырды. Мектеп оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе талапкерлерді кешенді тестілеуді тапсыру үшін бейіндік пәнді таңдау, дәрігерлік куәландырудан өту, дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру мәселелері қызықтырды. Талапкерлердің сұрақтарына Академияға оқуға түсу, оқыту, мекен-жайымен қамтамасыз ету және таңдап алынған мамандық ерекшелігінің болашағы жөнінде жауаптар берілді.Болашақ талапкерлермен әңгімелесу барысында Академияға іріктеу және қабылдау, дәрігерлік куәландырудан өту, дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру тәртіптері туралы ақпаратқа көп көңіл аударылды.
Оқушылардың Академия курсанттарымен пікір алмасуы оқу орны туралы, Академиядағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдар қызметкерінің болашақ мамандығын игеру және оқыту барысында қалыптасқан оқыту, тұрғындық жағдайлары, дәстүрлер туралы нақты ақпарат алуға көмектесті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: