Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТЕРРОРИЗМ ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА
12
апрель
2021

ТЕРРОРИЗМ ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

     Терроризм әрекеті туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы жадынама
   Телефондық терроризм әрекеттеріне стационарлық және ұялы телефондарды, сондай-ақ, факсимильді аппараттарды және Ғаламтор желісін пайдалану арқылы жасалған қылмыстар жатады. Мұндай қоңыраулардың мақсаты қарапайым бұзақылық, атақты болуға деген ұмтылыс, маңызды объектінің немесе шараның жұмысын бұзу, белгілі бір адамды бопсалау немесе арнайы қызметтерді шақыру болуы мүмкін. Қазақстан Республикасында ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі туралы  жалған ақпарат тарату" бабы әрекет етеді.
Баптың диспозициясы дайындалып жатқан жарылыс, өртеу немесе адамдардың қаза табу қаупін туындататын, елеулі мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де әрекеттер туралы жалған ақпарат тарату әрекеттерінің жазаланатынын көрсетеді:
  • бұндай әрекеттер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
   ҚР ҚК 15-бабының 2-бөліміне сәйкес, ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан басталады.
Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 483-бабына сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек органдарын, жедел қызметтерді жалған түрде шақыру айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынуына әкеліп соғады.
   Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ата-аналары (он төрттен он алты жасқа дейінгі) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, (ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеліп соғады), ал жасөспірімдер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерге есепке алынады.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: