Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2025

Ғылым мен тәжірибе тоғысқан тағылымды күн

2025 жылдың 10 қазанында Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен магистр-педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік конференция өтті.Білім мен ғылым тоғысқан бұл мазмұнды шара М.Мақатаев атындағы №140 гимназия базасында өтіп, мегаполис мектептерінен келген 250-ден астам магистр-педагогті біріктірді.
Педагогика кеңістігіндегі жаңа серпілістер мен авторлық ізденістер ұсынылған алаңда №140 гимназияның магистр-педагогтері өздерінің ғылыми-зерттеу жобалары мен әдістемелік тәжірибелерін таныстырды. Іс-шара барысында заманауи білім берудің өзекті мәселелері талқыланып, мазмұнды пікір алмасулар өтті.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Конференция магистр-педагогтердің кәсіби өсуі мен ғылыми ізденісін қолдаудағы маңызды қадам ретінде есте қалды.
Білім жолындағы ізденіс – мәңгілік қозғалыс. Осындай ғылыми-әдістемелік кездесулер ұстаздық шеберлікті шыңдап, жаңа серпін береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: