04
апрель
2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұжымы сенбілік ұйымдастырып, мектеп аумағын тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында мектеп аумағы ретке келтіріліп, 3000 көшет отырғызылды. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған бұл шараға гимназия ұжымы белсене қатысты.
Мұндай игі бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді.





