Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Hand made" халықтық қолөнер байқауы өтті
10
май
2022
"Hand made" халықтық қолөнер байқауы өтті
      10 мамыр күні гимназиямызда 5-7-сыныптар арасында  "Hand made" халықтық қолөнер байқауы өтті. Байқауға әр сыныптан үш оқушыдан қатысты. Қатысушылар өз қолдарынан жасаған ұлттық нақыштағы түрлі  бұйымдарын тарту етті. Онда көзге ерекше түсетіндері: тақия, кесте, оюлы көрпеше, бойтұмар, шашбау.   Көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор екенін түсіндіріп, ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай мұрамызды қайта жаңғыртты
Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық таэквонда жарыс
04
май
2022
Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық таэквонда жарыс
      Ғарышкерлер күніне орай Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық таэквонда жарысынан жүлделі ІІ орын алған Қайсар Нұрали мен І орын алған Дүйсебай Нұриманды құттықтаймыз! Қазақстан, Иран, Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан, Индия секілді мемлекеттерден келген спортшылармен додаға түсіп, бәйгеден көрінген шәкірттерімізге бағындырар биіктеріңіз таусылмасын дегіміз келеді. Әлемдік аренадан көрінетін қазақтың ең мықты спортшылары болғайсыздар. Тек сәттілік, жігіттер!
Окинава жауынгерлік өнер қауымдастығы
03
май
2022
Окинава жауынгерлік өнер қауымдастығы
   Гимназиямыздың оқушысы 6-сынып оқушысы Қамбар Алиді каратэден алған жүлделі І орынымен құттықтаймыз!  Елдің атын шығарар арда азамат болыңыз. Алар асуыңыз таусылмасын.
Мектепішілік эстафеталық жарыс
30
апрель
2022
Мектепішілік эстафеталық жарыс
     Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай ұйымдастырылған эстафеталық жарыста 5-сыныптар арасында І орын - 5 "Б", ІІ орын - 5 "Е", ІІІ орын - 5 "Д", 6-сыныптар арасында І орын - 6 "З", ІІ орын - 6 "Б", ІІІ орын - 6 "Е" сыныбы иеленді. Сыныптарды жүлделерімен құттықтаймыз. Шығар шыңдарыңыз биік болсын!
"Жас тілшілер" форумы
28
апрель
2022
"Жас тілшілер" форумы
    Жыл сайын сәуір айында ҚазҰУ журналисика факультетінде жас тілшілер шығармашылық бағын сынайтын "Жас тілшілер" форумы өтетін. Сол үрдіс биыл да жалғасын тауып, гимназиямыздан 11-сынып оқушысы Бейсенғали Айсер қатысты.  Бұл – бала арманын кәсіби мақсатына жетелейтін, жас өрендер жыл сайын асыға күтетін ерекше шара. ҚазҰУ журналистика факультеті бұл шараны биыл елу жетінші  рет ұйымдастырып отыр.  «Жас тілшілер» форумында ең үздік шығармашылық жұмыстар марапатталды. Жұлдыңыз жарқырай берсін,
Серік Есматовпен кездесу
27
апрель
2022
Серік Есматовпен кездесу
     Сәуірдің 27 күні  «Алматы дарыны» орталығында «Қазақстандағы 100 есім» жобасының қатысушысы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстанның волейбол бойынша жастар құрамының капитаны - Серік Есматовпен кездесу болып өтті.  Кездесуге Алматы қаласының мектептерінен дарынды балалар жиналды. Гимназиямыздан 10-сынып оқушысы Дінмұхамед Жігер қатысты. Оқушылар жастайынан екі аяғынан айырылған спортшының өмірімен,  жетістіктерімен танысты. Сұрақтар қойылып, жетістікке жетудің жолдары туралы ой
IV INTERNATIONAL ART FESTIVAL CONTEST "EURO TALENTS" байқауы
25
апрель
2022
IV INTERNATIONAL ART FESTIVAL CONTEST "EURO TALENTS" байқауы
     Алматы қаласында өткен IV INTERNATIONAL ART FESTIVAL CONTEST "EURO TALENTS" байқауында гимназиямыздың "ЕРКЕНАЗ" жетігеншілер ансамблі  Нұрғиса Тілендиевтің "Аққу" сазымен жоғары бағаға ие болып, Египетте өтетін фестивальға жолдама алды. Жетекшісі: Апенова Асылай. Өнерпаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтап, шығармашылық шабыт тілейміз. Өзге елде өз еліміздің атын шығарып, жеңіспен оралуларыңызға тілектеспіз. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!
Қалалық таэквондо чемпионаты
24
апрель
2022
Қалалық таэквондо чемпионаты
    Қалалық таэквондо чемпионатына қатысқан гимназиямыздың оқушысы Кошбан Айғанымды І дәрежелі жеңісімен құттықтаймыз! Жеңісті күндерін көп болсын, Айғаным.  Биіктерді бағындыра бер!
Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
24
апрель
2022
Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
     Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында  спорттық акробат бойынша жекелеген жаттығулар бойынша ІІ орын алған Мавлен Ханшайымды  жеңісімен құттықтаймыз! Биіктерді бағындыра бер, Ханшайым. Сәттілік серігің болсын!
Наталья Кузнецова атындағы көркем гимнастика мектебінің кубогы
24
апрель
2022
Наталья Кузнецова атындағы көркем гимнастика мектебінің кубогы
      Наталья Кузнецова атындағы көркем гимнастика мектебінің кубогында Құрманғали Амина ІІ орынмен марапатталды. Жеңісті, жемісті күндеріңіз көп болсын. Жетер жетістігіңіз таусылмасын, Ам ина. Тек қана сәттілік!