Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" атты аудандық балалар шығармашылығы байқауы
11
февраль
2022
"Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" атты аудандық балалар
    "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндігінің аясында өткізілген "Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы" атты аудандық балалар шығармашылығы байқауында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 6 "Б" сынып оқушысы, Манарбеков Абылай  ІІІ орынды иеленсе, аудандық "Асыл жүрек" атты эссе байқауында 10 "В" сынып оқушысы, Қайыржанова Ару ІІ орын иегері атанды. Шәкірттерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
“Менің елім - Қазақстан” атты қалалық сурет байқауы
03
февраль
2022
“Менің елім - Қазақстан” атты қалалық сурет байқауы
     Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 5-11 сынып оқушылары арасында өткен “Менің елім - Қазақстан” атты қалалық сурет байқауында жүлделі І орын алған шәкіртіміз - Жунисбекова Шадиярды марапатымен құттықтаймыз.
“Ахмет Байтұрсынов - ақын және ағартушы” атты қалалық сурет байқауы
03
февраль
2022
“Ахмет Байтұрсынов - ақын және ағартушы” атты қалалық сурет байқауы
    Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай 5-11 сынып оқушылары арасында өткен “Ахмет Байтұрсынов - ақын және ағартушы” атты қалалық сурет байқауына қатысып, жүлделі І орын иегері атанған 10-сынып оқушысы Дінмұхамед Жігер мен сертификат иегері Бақытжан Мирасты жүлделерімен құттықтаймыз.
Таеквондодан Халықаралық және Республикалық  жасөспірімдер арасындағы сайыс
24
январь
2022
Таеквондодан Халықаралық және Республикалық жасөспірімдер арасындағы
    Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында спортты серік еткен шәкірттеріміз жетістіктерімен қуантуда. Таеквондодан Халықаралық және Республикалық жарыстарда жоғары дәрежедегі нәтижелерді көрсеткені үшін Мақатаев атындағы 140 гимназияның 5 “Е” сынып оқушысы - Дүйсебай Нұриман “Қара белбеу” иегері атанса, 4 “В” сынып оқушысы - Қайсар Нұрали, 2021 жылдың “Үздік спортшысы” дипломымен марапатталып, “Қара белбеу” иегері атанды.
Қазақтың Спорт және туризм академиясында оқушылар арасында гимнастикадан турнир
29
декабрь
2021
Қазақтың Спорт және туризм академиясында оқушылар арасында
     25.12.2021 жылы Алматы қаласында Қазақтың Спорт және туризм академиясында оқушылар арасында спорттық гимнастикадан сайыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстанған, гимнастикалық бағдарламаға белсене қатысқан оқушылар арасында гимназиямыздың  1 «Ж» сынып оқушысы Рауанұлы Ердәулет жүлделі І орынмен марапатталды. Шәкіртімізді шын жүректен құттықтай отырып, спорт әлемінде толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Республикалық «Самғау» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би, өнер байқауы
28
декабрь
2021
Республикалық «Самғау» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би,
     Республикалық «Самғау» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би, өнер байқауында «Көркем сөз» жанры бойынша үздік өнер көрсететіп, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленгені үшін Жұмабек Қажымұқан марапатталады. Дарынды шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз. Ұстазы: Бекзат Мұхамедрайымұлы. Жетекшісі: Жанар Әмірбайқызы. 
Суда мәнерлеп жүзу сайысы
28
декабрь
2021
Суда мәнерлеп жүзу сайысы
         Гимназиямыздың 6 “З” сынып оқушысы – Нүркенқызы Жанерке суда мәнерлеп билеуден жүлделі орынға ие болды. Талапты Шәкіртіміз суда мәнерлеп билеу жарысынан 2 алтын, 1 күміс медальмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! 
Футбол жарысынан турнир
28
декабрь
2021
Футбол жарысынан турнир
    Гимназия шәкірттері спорттық жарыстарда жеңістерімен қуантуда. Гимназиямыздың шәкірті – Тұрсынбай Айбек спорттық жарыста жүлделі орынмен марапатталды!
«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтілді
24
декабрь
2021
«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда өтілетін дәстүрлі іс-шараның бірі «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты ұран бойынша өтіледі. Биылғы оқу жылының ІІ тоқсанында аудандық, қалалық, республикалық түрлі байқау мен жарыстарға қатысып, жүлделі орынмен марапатталған шәкірттеріміз өте көп. Аталмыш шара 24.12.2021 жылы мәжіліс залында өтілді. Осындай дарында да талапты шәкірттерге және ата-аналарына гимназиямыз ерекше алғысын білдіреді.  «Әрбір бала – бір жұлдыз» атты іс-шарада