Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ақтау қаласы, Маңғыстау облыстық «Жас батыр» МБЖСМ
18
декабрь
2021
Ақтау қаласы, Маңғыстау облыстық «Жас батыр» МБЖСМ
     Ақтау қаласы, Маңғыстау облыстық «Жас батыр» МБЖСМ  басшылығының ұйымдастыруымен Дзюдодан 2009-2010 ж.т. жасөспірім ұл-қыздар арасында өткен халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған ХІІІ республикалық турнирде   +50 келі салмақ дәрежесінде гимназиямыздың  6 «А» сынып оқушысы Асылбек Нурали қатысып,   жүлделі ІІІ орын иеленді. Батырымызды шын жүректен құттықтаймыз. 
Пенчак Силат спорттық түрінің клуб-аралық чемпионаты
18
декабрь
2021
Пенчак Силат спорттық түрінің клуб-аралық чемпионаты
    Қыздар мен әйелдер арасында өткен Пенчак Силат спорттық түрінің клуб-аралық чемпионатында жеңіске жетіп, марапатталған гимназия шәкірті, 4"В"сынып оқушысы – Әскербек Інжу. Шын жүректен құттықтаймыз. Шәкіртіміздің жемісті өмір жолына бастаған жеңістері көп болсын. 
Қалалық коньки тебу спорттық жарысының ашық чемпионаты
13
декабрь
2021
Қалалық коньки тебу спорттық жарысының ашық чемпионаты
      Алматы қаласы, 2-3-желтоқсан аралығында коньки тебу спорттық жарысының ашық чемпионаты болып өтті. Бұл спорттық жарыста гимназиямыздың түлегі Есенгельді Аружан жүлделі ІІ орынды иеленді. Талабыңа нұр жаусын! Шын жүректен құттықтаймыз.
Алматы қаласы GORKY TENNIS PARK ұйымдастыруымен өткен «Желтый мяч» турнирі
13
декабрь
2021
Алматы қаласы GORKY TENNIS PARK ұйымдастыруымен өткен «Желтый мяч»
    Алматы қаласы GORKY TENNIS PARK ұйымдастыруымен өткен «Желтый мяч» турнирінде жүлделі І орынды, шәкіртіміз 5 «Ә» сынып оқушысы Королева Алиса иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз. 
Республикалық «Үкілі үміт» балалар шығармашылығы байқауы
13
декабрь
2021
Республикалық «Үкілі үміт» балалар шығармашылығы байқауы
     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық «Үкілі үміт» балалар шығармашылығы байқауына қатысып, өнер көрсеткен 5 «Ә» сынып оқушысы Ғаниұлы Бекболат марапатталды. 
Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігі
13
декабрь
2021
Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігі
     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігінде, 10-11 жас аралығында  36+ салмақ дәрежесінде І орын алғаны үшін гимназия шәкірті Дүйсебай Нұриман марапатталды. 
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
09
декабрь
2021
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
    Елімізде «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтілетін «Ақ Бота» зияткерлік олимпиадасы биыл да өзінің  дәстүрлі білім сайысын өткізді. 2021 жылғы 30 қараша мен 5-желтоқсан аралығында жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына гимназиямыздың бастауыш 3-4-сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Талапты да зерек шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз. 
Алматы қаласының мәдениет басқармасы
09
декабрь
2021
Алматы қаласының мәдениет басқармасы
      Алматы қаласының мәдениет басқармасы, ҚР жазушылар одағы, М.Мақатаев халықаралық қоғамдық қорының жауапкершілігімен ұйымдастырылған халықаралық «Кел болашақ» байқауында, «Көркем сөз» номинациясы бойынша өнер көрсеткен М.Мақатаев атындағы 140 гимназияның талапты шәкірттері үздік өнер көрсетіп, марапатталды. Талантты шәкірттеріміздің жетекшісі - Тұяқбаев Бекзат Мұхамедрайымұлы арнайы дипломмен марапатталды. 
"Кел болашақ" байқауы
04
декабрь
2021
"Кел болашақ" байқауы
     Сиқырлы сазға бай - жетіген аспабында шебер ойнайтын гимназия шәкірттері, халықаралық "Кел болашақ" байқауында бас жүлде иегерлері атанды!!!
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 тарту!» атты шығармашылық байқау
02
декабрь
2021
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 тарту!» атты шығармашылық байқау
   Қазақстан телерадиокорпорациясы, Балапан телеарнасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 тарту!» атты шығармашылық байқаулар топтамасында жеңімпаз атанған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірті – Мавлен Ханшайымды марапатымен қүттықтаймыз. Алар асуың мен бағындырар белесің таусылмасын!