Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2022

Серік Есматовпен кездесу

     Сәуірдің 27 күні  «Алматы дарыны» орталығында «Қазақстандағы 100 есім» жобасының қатысушысы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстанның волейбол бойынша жастар құрамының капитаны - Серік Есматовпен кездесу болып өтті.  Кездесуге Алматы қаласының мектептерінен дарынды балалар жиналды. Гимназиямыздан 10-сынып оқушысы Дінмұхамед Жігер қатысты. Оқушылар жастайынан екі аяғынан айырылған спортшының өмірімен,  жетістіктерімен танысты. Сұрақтар қойылып, жетістікке жетудің жолдары туралы ой бөлісті. Шығармашылығы мен шабытын қатар шыңдап жүрген жас спортшының жігерлі сөздері жиналғандарды қанаттандырды. Кеш мазмұнды сөздермен, әдемі пікірлермен толыға түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: