Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық «Euro-Line» шығармашылық фестивалі
23
декабрь
2021
Халықаралық «Euro-Line» шығармашылық фестивалі
     Халықаралық «Euro-Line» шығармашылық фестиваліне фортепиано жанры бойынша қатысып, І дәрежелі лауреат атанған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия мақтанышы – Тойбазар Аминаны жеңісімен құттықтаймыз. Бурабай, Түркияда өтетін Халықаралық байқауға алған жолдамаң құтты болсын, қанжығаң жүлделі орындармен майлансын.    
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, «Жұлдыз» продюсерлік орталығы
23
декабрь
2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, «Жұлдыз» продюсерлік
    Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, «Жұлдыз» продюсерлік орталығы ұйымдастырған VІІ Республикалық «Тәуелсіздік – тұғырым» шығармашыл жастар өнер байқауында, ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша І орын иегері атанған – Абуталим Арунаны марапатымен құттықтаймыз. 
«Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты
23
декабрь
2021
«Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты
   «Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты бастауыш сынып оқушылары арасында онлайн ұйымдастырған «Жас математик» олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп,   жеңімпаз атанған гимназия шәкірті – Алибекова Аминаны І дәрежелі дипломымен құттықтаймыз. 
Дарын онлайн білім беру платформасы
23
декабрь
2021
Дарын онлайн білім беру платформасы
   Дарын онлайн білім беру платформасында функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында 4-сыныптар арасында ұйымдастырылған І Республикалық Айқын олимпиадасында, Искакова Алиша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңісті күндерің көп болғай!
«Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты
23
декабрь
2021
«Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты
   «Ебілім» Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты бастауыш сынып оқушылары арасында онлайн ұйымдастырған «Үздік бастауыш сынып оқушысы» олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп,  жеңімпаз атанған гимназия шәкірттері  Әмірбек Арнұр - І орын, Ұзақ Жанайым - ІІ орын, Тоембаева Жұпар – ІІ орын, Балабай Олжас – ІІ орын, Тұратбек Әмина – ІІІ орын иегері атанып, марапатталды. Құттықтаймыз! 
Республикалық дәстүрлі дүниетанудан интернет олимпиада
23
декабрь
2021
Республикалық дәстүрлі дүниетанудан интернет олимпиада
   М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның білікті ұстазы Саукинбаева Роза Журабековнаның жетекшілігімен Республикалық дәстүрлі дүниетанудан интернет олимпиадаға қатысып,  ІІ дәрежелі орын алған  Дана Чистякова мен  ІІІ дәрежелі орын алған Бахытжан Айланды; Республикалық дәстүрлі математикадан интернет олимпиадаға қатысып,  І дәрежелі орын алған  Мавлен Ханшайымды, Республикалық дәстүрлі ағылшын тілі пәнінен интернет олимпиадаға қатысып,  ІІІ дәрежелі орын алған Нұрым Мақсатты жеңістерімен
Ордабасы және Таеквондо топтық ойынның ашық Халықаралық чемпионаты
20
декабрь
2021
Ордабасы және Таеквондо топтық ойынның ашық Халықаралық чемпионаты
   Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Ордабасы және Таеквондо топтық ойынның ашық Халықаралық чемпионатында жүлделі ІІІ орын иегері 2 “Д” сынып оқушысы Сапарбекұлы Ануар марапатталды.
Алматы қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
18
декабрь
2021
Алматы қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық
    Алматы қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен өтілетін дәстүрлі жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы, гимназия шәкірті – Әділетқызы Меруерт І дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі – Бажи Ақару. 
«Бекзат» бокс клубының ашық біріншілігі
18
декабрь
2021
«Бекзат» бокс клубының ашық біріншілігі
      ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жасөспірімдер арасында өтетін «Бекзат» бокс клубының ашық біріншілігінде 49 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын алғаны үшін 7 «Г» сынып оқушысы Артықбаев Ислам марапатталды. Шәкіртіміз Нұр-сұлтан қаласына жолдама алды. Шын жүректен құттықтаймыз. 
Алматы қаласының Ұлттық кітапханасы
18
декабрь
2021
Алматы қаласының Ұлттық кітапханасы
    Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай үлкен іс-шара өтілді. Бұл іс-шараға гимназиямыздың 3 «А» сынып оқушысы Болатхан Жанасыл мен 4 «Д» сынып оқушысы Боранова Адель  тәуелсіздік туралы өлең оқып, белсене атсалысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.