Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық кітапхананың ашық есік күні
23
апрель
2022
Ұлттық кітапхананың ашық есік күні
     23 сәуір күні кітапханашы Нұрбике Қожахметқызының бастамасымен 3 "И" сыныбының оқушылары Ұлттық кітапхананың ашық есік күніне барды. Концерттік бағдарламаның қонағы болып, әдеби-танымдық кештің куәгері атанды. Барлық балаларға балалар кітабы таратылып, көтеріңкі көңіл күймен рухани азық алып қайтты. Кітап оқитын жастар қатары көбейе берсін деп тілек білдіргіміз келеді.
Қалалық "Кубок KING, S GAMBIT"  –  2022» шахмат турнирі
20
апрель
2022
Қалалық "Кубок KING, S GAMBIT" – 2022» шахмат турнирі
     Алматы қалалық шахматтан өткен "Кубок KING, S GAMBIT"  –  2022» турнирінде Өсербай Бейбарыс Ғалымжанұлы алғыс хатпен марапатталды. Жеңісті күндер көбейе берсін, Бейбарыс. Сәттілік тілейміз!
Руспубликалық теннистен өткен “Жасыл доп” турнирі
19
апрель
2022
Руспубликалық теннистен өткен “Жасыл доп” турнирі
    Руспубликалық теннистен өткен “Жасыл доп” турнирінде 1-орын алғаны үшін Арыстанбеков Жасұланды жеңісімен құттықтаймыз. Шығар шыңдарыңыз, алар асуларыңыз, бағындырар белесіңіз таусылмасын.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
18
апрель
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
    Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің құқық негіздері пәнінен 9-сынып оқушысы Ермекова Меруерт І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы. Жеңістеріңіз құтты болсын! Биіктерден көріне беріңіздер!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
18
апрель
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
    Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І дәрежелі дипломмен марапатталған 11-сынып оқушысы Бисен Таңнұрымды құттықтаймыз!  Білім бәсекесінде топ жарып, талантыңыз бен біліміңіз арқылы бағындырарыңыз таусылмасын. Асқаралы шыңдардан көрініп, есіміңізбен ел аузында жүріңіз. Біз сізбен мақтанамыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
18
апрель
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
    Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің география пәнінен 9-сынып оқушысы Алтынов Ерхан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетер жетістігіңіз көбейе берсін. Елдің атын шығарар азамат болыңыз. Сәттілік!
Қазақ күресінен мектепішілік жарыс
16
апрель
2022
Қазақ күресінен мектепішілік жарыс
      Сәуірдің он алтысы күні 1-5 сынып оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай қазақ күресінен жарыс өтті.  Жарыстың нәтижесінде  +21 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Жеңісхан Досжан 2 «Ә» сыныбы, 2-орынды Шайшан Нұрмұхамет  1 «В» сыныбы және 3-орынды Аңсаған Ален 1 «А» сыныбы иеленді.      +26 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Абдіғали Абдуазиз 3 «Д» сыныбы, 2-орынды Кенжетай Жәңгір  2 «Б» сыныбы және 3-орынды Сағатбек Алихан 5 «В» сыныбы
Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионат
13
апрель
2022
Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионат
    Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионатта І орын алған шәкіртіміз Шарипова Алманы жеңісімен құттықтаймыз! Бағындырар белесің таусылмасын!
"Халық батырлары Иса Досан" жүлдесіне арналған ХІІ халықаралық турнирі
08
апрель
2022
"Халық батырлары Иса Досан" жүлдесіне арналған ХІІ халықаралық турнирі
    Дзюдо күресінен 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұл, қыздар арасында "Халық батырлары Иса Досан" жүлдесіне арналған ХІІ халықаралық турнирінде 46 кг салмақ дәрежесінде І орынды мектебіміздің шәкірті Асылбек Нұрали иеленді. Спорттық жарыстарда ғана емес, өмірде де тек алдыңғы қатарда жүріп, жеңіс тұғырынан көріне бер.  Әлемдік аренда қазақтың туын көтеріп, қазақтың әнін шырқатар шымыр азамат болғайсың! Тек алға!
«Сұңғыла сөз» қалалық пікірсайыс турнирі
07
апрель
2022
«Сұңғыла сөз» қалалық пікірсайыс турнирі
    Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне орай дебат қозғалысының үйлестірушілері мен жетекшілері арасында өткен «Сұңғыла сөз» қалалық пікірсайыс турнирінде «Үздік талпыныс» номинациясы бойынша гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Мұзбалақ» пікірсайыс клубының жетекшісі, дебат қозғалысының координаторы Демжанова Гүлбану ІІІ орынға ие болды.