Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
11-сынып оқушыларына арналған жиналыс
22
август
2022
11-сынып оқушыларына арналған жиналыс
     Кешегі аптаның маңызды күні 11-сынып оқушыларына арналған жиналыс болды. Жиналысқа оқушылармен бірге ата-аналары да қатысты. Үлкен өмірге аяқ басқан әрбір оқушының алдағы дайындықтары мен белсенділіктері туралы айтылды. Сынып жетекшілері Жанар Ерденқызы, Гүлзағира Қазтайқызы, Ұлпан Оразбекқызы, Айжан Құспандиярқызы шәкірттеріне тілектерін жеткізіп, сәттілік тіледі.   Шәкірттің жеңісі – ұстаздың жемісі. Ендеше, биылғы түлектер мен ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
Жазғы демалыс кезінде мектептер арасында өткен спорттық жарыста
15
август
2022
Жазғы демалыс кезінде мектептер арасында өткен спорттық жарыста
     Жазғы демалыс кезінде мектептер арасында өткен спорттық жарыстарға мектеп оқушылары белсене қатысып, спорттық түрлі ойындардан топ жарып, жасыл алаңнан жүлделі оралды. Шәкірттерімізге үлкен рақмет. Шымыр болар сіздердей оқушыларымыз көбейе берсін.
«Чудеса из мусорной корзины» атты аудандық қолөнер сайысы
09
август
2022
«Чудеса из мусорной корзины» атты аудандық қолөнер сайысы
     «Чудеса из мусорной корзины» атты аудандық қолөнер сайысында І орын жеңіп алған №140 гимназияның командасын жеңісімен құттықтаймыз. Қолдан жасаған бұйымдарымен көпшіліктің көңілінен шыққан оқушыларымызға өнерлеріңіз өрге жүзе берсін дегіміз келеді.
"Балалар жылы -2022" іске асыру шеңберінде "Мектепке жол" атты республикалық акция
26
июль
2022
"Балалар жылы -2022" іске асыру шеңберінде "Мектепке жол" атты
      Қазақсттан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 10.01.2022 жылғы №780 жарлығымен жарияланған "Балалар жылы -2022" іске асыру шеңберінде "Мектепке жол" "Дорога в школу" атты республикалық акциясы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол-Шекарасыз Жақсылық" ұранымен өтеді! "Мектепке жол" акциясын жүзеге асыруда гимназиямыз ат салысуда.
Саяхат және экскурсия уақыты!
14
июль
2022
Саяхат және экскурсия уақыты!
  Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында "Саясат және экскурсия уақыты" тақырыбы аясында 1-сыныптан бастап 10-сынып оқушылары   гимназия ұстаздарымен бірге қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихи-мәдени жерлермен танысты. Музейлерді тамашалап, театрларға барды. Балаларға арналған қойылымдардың көрермені болып, жан азығын танымдық ақпараттармен байытып қайтты.   "Саясат және экскурсия" тақырыбында гимназия оқушылары отбасыларымен қайда қыдырып, уақытты қалай қызықты өткізгендігі туралы
Жаз. Оқушы. Ұстаз
08
июль
2022
Жаз. Оқушы. Ұстаз
Жаз. Оқушы. Ұстаз      Жаз – жайдары, тамаша жаңалықтарымен есте қалатын мезгіл. Жас ұрпаққа Жазғы уақытты ұтымды пайдаланып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде М.Мақатаев атындағы №140 гимназия жұмысын ойдағыдай жүзеге асыруда. ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 159 бұйрығына сәйкес «Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында Жазғы мектеп пен жазғы лагерь ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды» басшылыққа ала ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 17 маусымы
"Жаман әдеттен аулақ бол" тақырыбында челленджі
21
июнь
2022
"Жаман әдеттен аулақ бол" тақырыбында челленджі
Гимназиямызда оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету бағытында "Жаман әдеттен аулақ бол" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру негізінде бір-біріне насихаттап, ақпараттармен алмасты.