Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алтын белгілер" кешіне дайындық
15
июнь
2022
"Алтын белгілер" кешіне дайындық
      Қай кезде болмасын, ұстаздар еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің білімімен бағаланады. Ұстаздарының үкілі үмітін ақтап, қатарластарынан оқ бойы оза шапқан, алтын белгіге үміткер түлектеріміздің марапаттау рәсіміне дайындық барысынан...
9-сыныптардың бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді
13
июнь
2022
9-сыныптардың бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл
    Өмірдің бір белесінен өтіп, жаңа асуына аяқ басқан 9-сынып оқушыларының негізгі мектеп курсын бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді. Шәкірттеріміздің мерекелік кешін тамашалап, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың әрбір өнеріне сүйсіне қараған жанарынан ұлтқа деген қамқорлық пен мақтаныш ұшқыны көрінді десек, артық айтқанымыз емес. Гимназия басшысы Сәния Өскенбайқызының бастамасымен гимназияның тыныс-тіршілігімен таныс болған ұлт жанашыры, қазақтың
Қонаев қаласында өткен қалааралық "Море футбола" турнирі
03
июнь
2022
Қонаев қаласында өткен қалааралық "Море футбола" турнирі
     Қонаев қаласында өткен қалааралық "Море футбола" турнирінде 4 "Ә" сынып оқушысы Мұхтархан Абылайды "алтын медалімен" құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көбейе берсін. Қазақ спортын әлемге танытар азамат болуыңызға тілектеспіз.
1 маусым – халықаралық балалар күні
01
июнь
2022
1 маусым – халықаралық балалар күні
       Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында рәміздерді насихаттау. Осы мақсатта 4 маусым күні гимназия алдында әнұран айту жиыны болды. Гимназия оқушылары да, ұстаздар да әнұранымызды шырқады. Жиынға қатысқан әрбір жанға патриоттық сезім сыйлады. Сонымен қатар, әр сыныпта «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған
Қарағанды қаласында дзюдодан өткен турнир
01
июнь
2022
Қарағанды қаласында дзюдодан өткен турнир
     Қарағанды қаласында дзюдодан өткен турнирде 5 "Д" сынып оқушысы Асқарлы Батырхан І орынды иеленді. Шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуыңыз биік болсын!
Халықаралық "Khamza open cup II" жарысы
30
май
2022
Халықаралық "Khamza open cup II" жарысы
     Халықаралық "Khamza open cup II" жарысында қола медальға ие болып, ІІІ орын алған Асылбек Нұрәлиді жеңісімен құттықтаймыз. Бағындырар биігіңіз таусылмасын. Бұдан да биік белестерге жете беріңіз!
Барлық мемлекеттік емтихан тапсырушы шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
27
май
2022
Барлық мемлекеттік емтихан тапсырушы шәкірттерімізге сәттілік
      2021-2022 оқу жылдарына арналған 9 және 11-сыныптар арасында мемлекеттік емтихан тапсыру жұмыстары басталып кетті. 27 мамырдан басталған емтихан өз деңгейінде өтуде. Барлық талаптар мен ережелерді сақтай отырып жүргізіліп жатқан мемлекеттік бақылау жұмыстары -  жыл бойы жинаған білімнің көрсеткіші. Барлық мемлекеттік емтихан тапсырушы шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
"Championship 2022" Қазақстан байқауы
27
май
2022
"Championship 2022" Қазақстан байқауы
      "Championship 2022" Қазақстан байқауында ІІІ орын алған 3 "А" сынып оқушысы Жұмалиева Әйгерімді жеңісімен құттықтаймыз! Кіп-кішкентай бүлдіршінімізге тек қана толағай жеңістер тілейміз. Алар асуыңыз таусылмасын!
Жазғы мектеп
26
май
2022
Жазғы мектеп
      26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық мектептерде 9 және 11-сыныптардан басқа сыныптар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылды. Алғашқы күні сабақтың өту барысымен таныстырылған жиын өтіп, оқушылар өз сыныптарына тарады. Білімге құштар болып, оқу үшін келетін әр баланың үлгерімі үшін жеке жұмыс жасап, ары қарай қанағаттану үшін мұғалімдер тарапынан күш салынып жатыр.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқау
26
май
2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқау
      Жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқауда өзіндік шығармашылық қарым-қабілетімен ерекшеленгені үшін 8-сынып оқушысы Ескендірова Ұнаржанды марапатымен құттықтаймыз! Қазақтың қайсар қызы болуыңа тілектеспіз. Биіктерді бағындыра беріңіз!