17
ноябрь
2025
№140 гимназияда жоспарлы сейсможаттығу ұйымдастырылды
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда жоспарлы сейсможаттығу өтті. Жаттығуға Бостандық ауданындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қатысып, оның талапқа сай өтуін бақылап, қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қадағалады. Бөлім бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Ан Владислав Давидович өз тобымен бірге процесті кәсіби деңгейде үйлестірді. Оқушылар, ұжымның ұстаздары мен қызметкерлері белгіленген эвакуация бағытымен ретпен шығып, жаттығуды жүйелі орындады.











