Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионат
13
апрель
2022
Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионат
    Алматы қаласы бойынша көркем гимнастикадан ашық чемпионатта І орын алған шәкіртіміз Шарипова Алманы жеңісімен құттықтаймыз! Бағындырар белесің таусылмасын!
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан мектепішілік жарыс
12
апрель
2022
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан
     Гимназиямызда 3, 4, 5-сынып оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш жарыстан ІІІ орынды Маханов Дарын, ІІ орынды Нұрбай Айша, І орынды Келербек Бексұлтан иеленді. Логика мен есепке сүйенетін, ойлану мен батылдықты талап ететін тоғызқұмалақтан алар тоғыздарыңыз көбейе берсін. Өмір жолдарыңызда септігі тиер серік болсын. Сіздерге даналық пен даралық тілейміз.
Алатау дәстүрлі өнер театры
09
апрель
2022
Алатау дәстүрлі өнер театры
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 200-ден астам  5-сынып оқушылары сәуірдің 9-ы күні Алатау дәстүрлі өнер театрының қонағы болып қайтты. Нұржан Тутовтың режиссерлігімен қойылған "Әгугай мен Игигай" атты  халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған музыкалық қойылымды тамашалады. «Егінші мен қасқыр», «Алдардың айласы», «Күй құдіреті» атты 3 бірдей ертегілер мектептен тыс оқушылармен жұмыс үшін ұтымды әрі таптырмас тәрбие құралы екені сөзсіз. Қойылым тек қана баяндаудан тұрмайды. Ән,
"Халық батырлары Иса Досан" жүлдесіне арналған ХІІ халықаралық турнирі
08
апрель
2022
"Халық батырлары Иса Досан" жүлдесіне арналған ХІІ халықаралық турнирі
    Дзюдо күресінен 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұл, қыздар арасында "Халық батырлары Иса Досан" жүлдесіне арналған ХІІ халықаралық турнирінде 46 кг салмақ дәрежесінде І орынды мектебіміздің шәкірті Асылбек Нұрали иеленді. Спорттық жарыстарда ғана емес, өмірде де тек алдыңғы қатарда жүріп, жеңіс тұғырынан көріне бер.  Әлемдік аренда қазақтың туын көтеріп, қазақтың әнін шырқатар шымыр азамат болғайсың! Тек алға!
«Сұңғыла сөз» қалалық пікірсайыс турнирі
07
апрель
2022
«Сұңғыла сөз» қалалық пікірсайыс турнирі
    Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне орай дебат қозғалысының үйлестірушілері мен жетекшілері арасында өткен «Сұңғыла сөз» қалалық пікірсайыс турнирінде «Үздік талпыныс» номинациясы бойынша гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Мұзбалақ» пікірсайыс клубының жетекшісі, дебат қозғалысының координаторы Демжанова Гүлбану ІІІ орынға ие болды. 
55-қалалық фестиваль байқауы
06
апрель
2022
55-қалалық фестиваль байқауы
   Алматы қаласының балалар музыкалық мектептері мен өнер мектебі оқушыларының жас музыканттарының 55-қалалық фестиваль байқауында  ІІ дәрежелі дипломмен Бекмурза Нұрай марапатталды. Әсем әуеніңмен әуелетіп, қоңыр үніңмен күмбірлеп қазақ әндерін әлемде шырқар шығармашылық шабыт тілейміз.
«ЖЫЛ ТАЛАНТЫ» атты  халықаралық  шығармашылық шеберлік байқауы
05
апрель
2022
«ЖЫЛ ТАЛАНТЫ» атты халықаралық шығармашылық шеберлік байқауы
    2022 жыл «Балалар жылы» аталуына орай жасөспірімдердің өнерге деген ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «ЖЫЛ ТАЛАНТЫ» атты  халықаралық  шығармашылық шеберлік байқауында мектебіміздің «Еркем-ай» би ансамблі және биші қызымыз Тоқтар Медина ГРАН-ПРИ жеңіл алды. Көркемдік жетекшісі: Мадыханова Аида Төреханқызы. Қазақ қызының сұлулығы мен нәзіктігін сахна төрінде  көрсететін қыздарымыздың мың бұрала билегендегі әрбір қимылы қарағанға көз тойдырады. Қара көзді қызғалдақтарымыздың
Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы
02
апрель
2022
Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы
     Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы республикалық олимпиада нәтижесінде І орынды Маханбет Ердәулет жеңіп алды. Жетекшісі Сарварова Халида Рахманбердіқызына республикалық олимпиада жеңімпаздарын және қатысушыларын дайындағаны үшін алғыс білдіреді. Алдағы уақытта биіктерді бағындырып, білім бәсекесінде топ жаруларыңызға тілектеспіз!
Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау
02
апрель
2022
Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау
    Халықаралық «Пони – ұлы Тілтану елінде» онлайн байқау бойынша жүлделі І орынды Спандияр Ақылжан жеңіп алды. Ақылжанға оқуда озат, өмірде жеңімпаз бол дегіміз келеді.
Аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауы
01
апрель
2022
Аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауы
     Ақиық ақын Мұқағалидың шығармашылығына арналған 7-11 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «М.Мақатаев оқулары» байқауының «Айтып өткен ақында арман бар ма?» кезеңінде 8-сынып оқушылары  Қадыржан Алинұр ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Аубакир Абзал бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі: Әбдіманап Нұрила Қанатқызы.   Ақынның отыздан астам өлеңдерін жатқа білетін шәкірттеріміздің шығармашылығы шыңдала берсін. Алар асуларыңыз таусылмасын дегіміз келеді. Ақиық ақын Мұқағалидың шығармашылығына