18
ноябрь
2025
“Бала шақтан болашаққа”: гимназия кітапханасы жаңа туындылармен толықты
Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мағазбекқызы Досжан өзінің «Бала шақтан болашаққа» атты ғұмырнамалық-танымдық повестінің үш данасын гимназия кітапханасына сыйға тартты. Автор бұл еңбегінде еліміздің саяси және әлеуметтік дамуындағы түрлі кезеңдер мен құндылықтарды жастарға түсінікті тілмен жеткізеді. Бұл кітап — балалар мен жасөспірімдерге арналған. Олардың адамгершілік құндылықтарын, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға және тарих пен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Жастарға өмірдің әр түрлі кезеңдерінде өзін ұстау, өз елін сүю және оның дамуына үлес қосу сияқты маңызды сабақтар беріледі. Гимназия шәкірттері «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапты оқуды бастап кетті.







