19
декабрь
2025
«Тәуелсіздік – басты құндылығымыз» тақырыбындағы танымдық кездесу
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 9 «Д» сыныбының жетекшісі Мейрамбек Серікұлының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз» тақырыбында танымдық кездесу өткізді. Кездесуге Желтоқсан ардагері, жыр мүшәйралары мен ақындар айтысына, сазгерлер және жыраулар байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленген, Қазақстан Жазушылар одағының және Халықаралық айтыскерлер, жыршы-жыраулар одағының мүшесі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Аманғазы Әлімғазыұлы, «Желтоқсан» ардагерлері Алмалы аудандық филиалының төрайымы Ерменбетова Пернеқыз, Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген қатысты. Кездесу барысында қонақтар Тәуелсіздіктің мәні мен құндылығы туралы ой бөлісіп, жастарды елжандылыққа, білім мен өнерге ұмтылуға үндеді. Кездесуді ұйымдастырған 9”Д” сынып жетекшісі Мейрамбек Серікұлына, ата-аналарға, шәкірттерге шығармашылық шабыт тілеп, алғыс білдіреміз!!!





