Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2024

Қалалық Мұқағали оқулары

22 ақпан ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де Республикалық Мұқағали оқуларының қалалық кезеңі болып өтті. М.Мақатаев оқуларына сегіз ауданнан жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сыныптарынан 24 оқушы қатысты.
М.Мақатаев оқулары үш номинация бойынша өткізілді:
1-номинация : «Айтып өткен ақында арман бар ма?» Бұл айдарда үміткер 8 оқушы М.Мақатаев шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізбесін (поэмадан басқа) әділқазыларға ұсынды. Әділқазылар тізім бойынша бірнеше өлеңді жатқа айтуын сұрады. Әділқазы мүшелері үміткерлердің жатқа білетін өлеңдерінің санына және мәнерлеп көркемдеп оқуына, өлең сөздерін ауыстырмай таза оқуына көңіл бөлді.
2-номинация: «Жыр эстафетасы». Байқауға қатысушы 8 үміткер арасында жеребе тарту арқылы топқа бөлініп, «Райымбек,Райымбек», «Алтай-Атырау», «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары бойынша өзара бақ сынады. 
3 -номинация: «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...». Бұл номинацияға қатысушы оқушылар М.Мақатаев оқуларының ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін мектепшілік Мұқағали мұражайына барып, әділқазы алқалары ұсынған тақырыпта өлең жазды. Берілген уақыт 40 минут. Сонымен қатар оқушылар М.Мақатаевқа арнауларын және еркін тақырыпта жазылған өлеңдерін оқыды.    
Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізген сарапшы әділқазы мүшелері:
1)Ержан Жұмабекұлы— ақын, PhD докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Жастар одағы "Серпер" сыйлығының иегері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі.
2) Нұрланқызы Талшын – педагогика ғылымдарының магистрі, Республикалық айтыс, жыр мүшәйларының лауреаты, ақын.
3) Тұрлыбай Айша Нұрболатқызы - Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының педагог-шебері.
4) Кеңесханов Нұржан Кеңесханұлы - Республикалық Мұқағали оқуларының қалалық кезеңіне жауапты Алматы дарын орталығының әдіскері.
Мұқағали байқауының қорытындысы:
1- номинация бойынша:
ІІІ орын - Бектұрсын Жібек 
Орынғали Назгүл
ІІ орын - Оңғарбай Фариза
І орын - Бектенов Хангелді
2-номинация бойынша:
ІІІ орын - Сахбекова аНель
ІІ орын - Қазақбай Аяла
І орын - Сағат Әсел
3-номинация бойынша:
ІІІ орын - Нұрақын Аружан, Худайбергенова Алия
ІІ орын - Саяқат Бақдәулет
І орын - Құдайберген Аяжан

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: