Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"IT-хакатон" аясында 9-сыныптар арасында робот жасаушылар жарысы
11
май
2022
"IT-хакатон" аясында 9-сыныптар арасында робот жасаушылар жарысы
     3 мамыр күні "IT-хакатон" аясында 9-сыныптар арасында робот жасаушылар жарысы өтті.  Жас техниктер арасында өткен  сайыс «Негізгі», «Шығармашылық», «Роботтар футболы» және «Jasampaz» аталымдары бойынша ұйымдастырылды. Роботехниканы дамытуға баса назар аударылған бүгінгі күні өнертапқыш шәкірттеріміз түрлі жаңа дүниені ойлап табуға бейім. Цифрлы технологияға деген қызығушылығы басым балалардың техникалық жұмыстарға бейімділігі бізді қуантады. Сайысқа қатысқан әрбір шәкіртіміздің цифрлы
"Жастық жалын" өнер фестивалі
11
май
2022
"Жастық жалын" өнер фестивалі
  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 11 мамыр күні балалар өнерін қолдау мақсатында "Жастық жалын" өнер фестивалі ұйымдастырылды. Мектепішілік фестивальге барлық сыныптардан ән, би, халықтық орындау, көркемсөз оқу, көркемсурет және қолөнер жанрлары бойынша 7-16 жас аралығында 50-ден астам  өнерпаз бала қатысып бақ сынады.  Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап,  мектеп ішінде үлгі ету,  көмек қолын ұсыну, қолдау көрсетуді көздеген өнер фестивалі талай талапты балаға жол ашты. Өнер
"Hand made" халықтық қолөнер байқауы өтті
10
май
2022
"Hand made" халықтық қолөнер байқауы өтті
      10 мамыр күні гимназиямызда 5-7-сыныптар арасында  "Hand made" халықтық қолөнер байқауы өтті. Байқауға әр сыныптан үш оқушыдан қатысты. Қатысушылар өз қолдарынан жасаған ұлттық нақыштағы түрлі  бұйымдарын тарту етті. Онда көзге ерекше түсетіндері: тақия, кесте, оюлы көрпеше, бойтұмар, шашбау.   Көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор екенін түсіндіріп, ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай мұрамызды қайта жаңғыртты
Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық таэквонда жарыс
04
май
2022
Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық таэквонда жарыс
      Ғарышкерлер күніне орай Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық таэквонда жарысынан жүлделі ІІ орын алған Қайсар Нұрали мен І орын алған Дүйсебай Нұриманды құттықтаймыз! Қазақстан, Иран, Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан, Индия секілді мемлекеттерден келген спортшылармен додаға түсіп, бәйгеден көрінген шәкірттерімізге бағындырар биіктеріңіз таусылмасын дегіміз келеді. Әлемдік аренадан көрінетін қазақтың ең мықты спортшылары болғайсыздар. Тек сәттілік, жігіттер!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
03
май
2022
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
    Сәуірдің 30 күні  5-11 сынып оқушылары 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді.  Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне,
Окинава жауынгерлік өнер қауымдастығы
03
май
2022
Окинава жауынгерлік өнер қауымдастығы
   Гимназиямыздың оқушысы 6-сынып оқушысы Қамбар Алиді каратэден алған жүлделі І орынымен құттықтаймыз!  Елдің атын шығарар арда азамат болыңыз. Алар асуыңыз таусылмасын.
Мектепішілік эстафеталық жарыс
30
апрель
2022
Мектепішілік эстафеталық жарыс
     Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай ұйымдастырылған эстафеталық жарыста 5-сыныптар арасында І орын - 5 "Б", ІІ орын - 5 "Е", ІІІ орын - 5 "Д", 6-сыныптар арасында І орын - 6 "З", ІІ орын - 6 "Б", ІІІ орын - 6 "Е" сыныбы иеленді. Сыныптарды жүлделерімен құттықтаймыз. Шығар шыңдарыңыз биік болсын!
"Жас тілшілер" форумы
28
апрель
2022
"Жас тілшілер" форумы
    Жыл сайын сәуір айында ҚазҰУ журналисика факультетінде жас тілшілер шығармашылық бағын сынайтын "Жас тілшілер" форумы өтетін. Сол үрдіс биыл да жалғасын тауып, гимназиямыздан 11-сынып оқушысы Бейсенғали Айсер қатысты.  Бұл – бала арманын кәсіби мақсатына жетелейтін, жас өрендер жыл сайын асыға күтетін ерекше шара. ҚазҰУ журналистика факультеті бұл шараны биыл елу жетінші  рет ұйымдастырып отыр.  «Жас тілшілер» форумында ең үздік шығармашылық жұмыстар марапатталды. Жұлдыңыз жарқырай берсін,
«Біз сенімді болашақ үшін» атты ұранмен түрлі сыныптан тыс жұмыстар
28
апрель
2022
«Біз сенімді болашақ үшін» атты ұранмен түрлі сыныптан тыс жұмыстар
    Қыркүйек айынан бастап жыл бойы гимназиямызда «Біз сенімді болашақ үшін» атты ұранмен түрлі сыныптан тыс жұмыстар, акциялар, оқушылардың заң мен құқықтық білім көкжиектерін кеңейтетін дөңгелек үстелдер де ұйымдастырылды. Бала құқығын қорғау тақырыбына «сыбайлас жемқорлықтың да» әсері тиерін ескерсек, ең алдымен, әділетті қоғам құра білудің маңызы зор екенін ұғындыру керек.Осы орайда М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9-сынып оқушылары арасында, тәрбие ісінің меңгерушісі Нусипхан Гүлнәз
Серік Есматовпен кездесу
27
апрель
2022
Серік Есматовпен кездесу
     Сәуірдің 27 күні  «Алматы дарыны» орталығында «Қазақстандағы 100 есім» жобасының қатысушысы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстанның волейбол бойынша жастар құрамының капитаны - Серік Есматовпен кездесу болып өтті.  Кездесуге Алматы қаласының мектептерінен дарынды балалар жиналды. Гимназиямыздан 10-сынып оқушысы Дінмұхамед Жігер қатысты. Оқушылар жастайынан екі аяғынан айырылған спортшының өмірімен,  жетістіктерімен танысты. Сұрақтар қойылып, жетістікке жетудің жолдары туралы ой