Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
май
2022

"Жастық жалын" өнер фестивалі

  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 11 мамыр күні балалар өнерін қолдау мақсатында "Жастық жалын" өнер фестивалі ұйымдастырылды. Мектепішілік фестивальге барлық сыныптардан ән, би, халықтық орындау, көркемсөз оқу, көркемсурет және қолөнер жанрлары бойынша 7-16 жас аралығында 50-ден астам  өнерпаз бала қатысып бақ сынады.  Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап,  мектеп ішінде үлгі ету,  көмек қолын ұсыну, қолдау көрсетуді көздеген өнер фестивалі талай талапты балаға жол ашты. Өнер фестивалі «Ең үздік  сюжет», «Үздік сахналық қойылым», «Үздік хореография», «Үздік вокал», «Үздік аспаптық номер», «Үздік декорация» номинацияларын қамтыды.  Оқушылардың сахналаған көріністері, тақырып төңірегінде өтуі, музыкалық, орындау дағдылары, интонация тазалығы және дыбыс сапасы, сахна  мәдениеті, идея ерекшелігі, дизайн мен шығармашылық даралығы бағаланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: