Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауы
16
март
2022
«Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауы
       Бостандық ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 14-15 наурызда жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтерінің арасында өткен «Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауында ГРАН-ПРИ иегері атанған, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Нукарбан Бексұлтан Нұрланұлын жеңісімен құттықтай отырып, алда болатын қалалық байқауда асығының алшысынан түсуіне тілектеспіз. Қоржыныңыз жеңіспен майланып, жұлдызыңыз жарқырай берсін!!!
«Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшәйрасы
25
февраль
2022
«Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр
   Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Алматы қаласының орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында өткізілген «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшәйрасында гимназия ұстазы Бәзілжанов Біржан Сәрсенқожаұлы жүлделі ІІ орынға ие болды. Жемісті жылдарыңыз, жеңісті күндеріңіз көбейе берсін, ағай! Шығармашылық шабыт тілейміз!
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫСЫМЕН марапатталды
18
декабрь
2021
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫСЫМЕН марапатталды
     Гимназиямыздың жан-жақты да білікті ұстаздарының бірі – Сатымбаева Лайла БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ «Қазақастан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» АЛҒЫСЫМЕН марапатталды. Шәкірт тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз. 
Қалалық “Үздік ата-аналар жиналысы” байқауының қорытындысы
09
декабрь
2021
Қалалық “Үздік ата-аналар жиналысы” байқауының қорытындысы
    Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына орай рухани, әлеуметтік даму жолында және білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін және де “Үздік ата-аналар жиналысын” өткізуге үлкен педагогикалық үлес қосқаны үшін  N140 мектептің мұғалімі Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының грамотасымен марапатталды. Гимназия абыройын асқақтатып жүрген аяулы ұстазымызды марапатымен шын жүректен
Жарық өмір сыйлаған аналардың құрметіне
02
февраль
2024
Жарық өмір сыйлаған аналардың құрметіне
Жарық өмір сыйлаған аналардың құрметіне ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы № 140 гимназия" МКК оқушыларынан құралған хор "Таңшолпан" студиясында ән шырқады. Хор жетекшісі мәдениет саласының үздігі - Манарбек Жәлімбетов. Жеке дауыстағы орындаушы 9 - сынып оқушысы - Санжар Серік.  https://www.instagram.com/reel/C2wCMV7owPe/?igsh=MWJ3MnB5M2liazB4Nw==
Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!
02
февраль
2024
Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!
“Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға көмектес”, – дейді байырғы бабамыз Жүсіп Баласағұн. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру-әр ұстаздың, әрбір білім жолында қызмет еткен жандар үшін маңызды міндет болып есептеледі. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз.   Қаңтар айында шәкірттеріміздің жеткен жетістіктері: 1) 8
140 шәкірттері робототехникадан Орталық Азия чемпионатына жолдама алды
28
январь
2024
140 шәкірттері робототехникадан Орталық Азия чемпионатына жолдама алды
Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК  оқушыларынан құрылған "ULY DALA" командасы Алматы қаласында өткен Республикалық "Tamos First Championship  FLL Challenge" санаты бойынша өткен сайыста  өз өнерлерін көрсетіп, Астана қаласында өтетін Орталық Азия чемпионатына жолдама алды. Жетекшісі - Манапбай Заңғар Нұрсәбитұлы. 
"Дарынды оқушы - ұлт болашағы "
23
октябрь
2023
"Дарынды оқушы - ұлт болашағы "
Республикалық “Жас дарын” байқауында оқушыларымыз топ жарып, қанжығамыз майланды. Домбырашылар кіші топ (6-7жас) 1-орын Домбырашылар орта топ (8-9жас) 1-орын Домбырашылар Үлкен топ (10-15жас) 1-орын Жетігеншілер кіші топ 1-орын "Еркеназ" тжетігеншілер ансамблі – Бас жүлде