Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жарық өмір сыйлаған аналардың құрметіне
02
февраль
2024
Жарық өмір сыйлаған аналардың құрметіне
Жарық өмір сыйлаған аналардың құрметіне ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы № 140 гимназия" МКК оқушыларынан құралған хор "Таңшолпан" студиясында ән шырқады. Хор жетекшісі мәдениет саласының үздігі - Манарбек Жәлімбетов. Жеке дауыстағы орындаушы 9 - сынып оқушысы - Санжар Серік.  https://www.instagram.com/reel/C2wCMV7owPe/?igsh=MWJ3MnB5M2liazB4Nw==
Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!
02
февраль
2024
Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!
“Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға көмектес”, – дейді байырғы бабамыз Жүсіп Баласағұн. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру-әр ұстаздың, әрбір білім жолында қызмет еткен жандар үшін маңызды міндет болып есептеледі. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз.   Қаңтар айында шәкірттеріміздің жеткен жетістіктері: 1) 8
140 шәкірттері робототехникадан Орталық Азия чемпионатына жолдама алды
28
январь
2024
140 шәкірттері робототехникадан Орталық Азия чемпионатына жолдама алды
Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК  оқушыларынан құрылған "ULY DALA" командасы Алматы қаласында өткен Республикалық "Tamos First Championship  FLL Challenge" санаты бойынша өткен сайыста  өз өнерлерін көрсетіп, Астана қаласында өтетін Орталық Азия чемпионатына жолдама алды. Жетекшісі - Манапбай Заңғар Нұрсәбитұлы. 
"Дарынды оқушы - ұлт болашағы "
23
октябрь
2023
"Дарынды оқушы - ұлт болашағы "
Республикалық “Жас дарын” байқауында оқушыларымыз топ жарып, қанжығамыз майланды. Домбырашылар кіші топ (6-7жас) 1-орын Домбырашылар орта топ (8-9жас) 1-орын Домбырашылар Үлкен топ (10-15жас) 1-орын Жетігеншілер кіші топ 1-орын "Еркеназ" тжетігеншілер ансамблі – Бас жүлде
Айтыс - сөз майданы
13
октябрь
2023
Айтыс - сөз майданы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, айтыскер ақын Ибрагимов Алтынбек «Айтыс – сөз майданы» атты шеберлік сағатын өткізді. Мектебімізге қонақ терінде 13 жасынан бастап айтысқан айтыскер, түрлі республикалық байқаулардың жеңімпазы, «Хас» өлең жинағының авторы Жалғас Қазыбек пен термеші, Құрманғазы консерваториясының студенті  Мукешев Айдар қонақ болып келіп, өз өнерлерін паш етті. Гимназияның 8-11 сынып оқушылары арасында «Айтыс – сөз барымтасы» атты жарыс өтті. Ең үздік айтыс  8 «Е» сынып
"Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет..."
09
октябрь
2023
"Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет..."
1) Эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатына жолдама алған 11-сынып оқушысы Нұркенқызы Алтынай; 2) Республикалық "Жас Дарын" дарынды балалар орталығы ұйымдастырған "Жас Дарын" атты байқауда "Аспапта өнер көрсету" аталымы бойынша Таңсық Іңкәр - І орын; 3) 2-6 қазан аралығында өткен "Almaty Masters 12& Under" атты Республикалық теннис турнирінде Арыстанбеков Жасұлан - І орын; 4) Мейбукан годзю рю каратэ-додан Алматы қаласының клубтық чемпионатында Тұрғанбаев Райымбек - І, ІІІ орын,
"Жетістік формуласы" атты шеберлік сағаты
06
октябрь
2023
"Жетістік формуласы" атты шеберлік сағаты
Мұғалімдер күні қарсаңында "Жетістік формуласы" атты шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабақты С.Ө.Тілеубай мен С.С.Темурбаева өткізді. 
"Ұлттық мектеп лигасы"
05
октябрь
2023
"Ұлттық мектеп лигасы"
Ұлттық мектеп лигасы аясында Бостандық ауданының 7-8-сынып оқушылары арасында өткен "Былғары доп" жарысында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның футбол командасы ІІІ орынды иеленді.
"Құрмет төріндегі қос ұстаз..."
05
октябрь
2023
"Құрмет төріндегі қос ұстаз..."
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Исхакова Базаркүл Кемелбайқызы мен Дүйсенова Гүлзағира Қазтайқызы жоғары педагогикалық шеберлігі мен өскелең ұрпақты оқытудағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Бостандық ауданы әкімінің өкіміне сәйкес "Құрмет" грамотасымен марапатталды.