27
апрель
2026
«Sarbaz» әскери-патриоттық ойындарында жүлделі жетістік!
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кубогына арналған Алматы қаласы бойынша мектепаралық V «Sarbaz» әскери-патриоттық ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, «Әскери шинельдегі әндер» шығармашылық байқауында І орынға қол жеткізіп, өздерінің өнері мен патриоттық рухын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жетекшісі – Мейрамбек Серікұлы.
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз көп болсын! Жарайсыздар!