29
май
2026
МАРАПАТ — МӘРТЕБЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің мұғалімі Сарманов Мейрамбек Серікұлы Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен білім беру саласындағы қажырлы еңбегінің, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі зор үлесінің нәтижесі.
Құрметті Мейрамбек Серікұлы, жоғары марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және шәкірттеріңізбен бірге жаңа белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!
Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем бола берсін!






