Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ҰСТАЗ ДАҢҚЫ" төсбелгісімен марапатталған ұстаздар
22
декабрь
2022
"ҰСТАЗ ДАҢҚЫ" төсбелгісімен марапатталған ұстаздар
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұстаздарымыз "ҰСТАЗ ДАҢҚЫ" төсбелгісімен марапатталды
"ӨРЛЕУ" БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ
21
июнь
2021
"ӨРЛЕУ" БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ
Вертуалды білім беру бағыты аясында "Еліміздің үздік педагогтарының эстафеталары" сабақтарын әзірлеуде белсенділік танытқаны үшін гимназия директоры Сәния Өскенбайқызы мен директордың бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасары Жанар Қасиетқызы құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
«Тойжарыс-Талант»
05
май
2021
«Тойжарыс-Талант»
    Исі қазақтың рухани досы, сырласына айналған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тойжарыс-Талант» ұйымдастырған «Қарлығашым, келдің бе?» ІІ Республикалық аламанда топ бойы оза шауып бас бәйгені қоржынына гимназиямыздың шәкірттері: Қадылбек Мейіржан, Абатбай Мақсат қанжығаласа, Бауыржан Ерасыл мен Бейсенбай Санжар, Амангелді Ерсұлтан, Сәрсенбек Жания – жүлделі І дәрежелі диплом иегері атанды. Ал, Ерланұлы Нұрсұлтан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақ
«Үздік педагог – 2021»
04
май
2021
«Үздік педагог – 2021»
    Гимназияның дарынды ұстазы Дәурен Наурызбайұлы - білім саласындағы көлеңкелі деген тұстарын көре білетін әрі күрмеуі қиын өзекті мәселелердің шешімін табуға үнемі талпынып жүретін дарынды жастардың бірі. Нағыз кәсіби педагогтарға тән әрекет ете білетін ойы терең, мәдениеті жоғары, ниеті адал, оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық бағытта жұмыс жасай білетін, өзіндік «мені» қалыптасқан дара тұлға, жақында өткен аудандық «Үздік педагог – 2021» байқауында, жоғарғы деңгейдегі кәсіби шеберлігін
Назар аударыңыздар!!!
30
апрель
2021
Назар аударыңыздар!!!
    Назар аударыңыздар!!!     М.Мақатаев атындағы №140 гимназия «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» гранты конкурсының аудандық кезеңінде «Бас жүлдені» иемденіп,  қалалық байқауға жолдама алды.       Үздіктер додасында жоғары көрсеткіштерінің нәтижесінде «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» атансын деген тілек білдіреміз! 
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
28
апрель
2021
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
   Атамұра" интеллектуалды білім порталы 1 сәуір мен 22 сәуір аралығында ұйымдастырған Республикалық "Өнерлі өрен" байқауына қатысқан гимназиямыздың шәкірті - Құрманбай Тайыр, жүлделі І орын иеленді. Республикалық қашықтықтан өтетін байқауға балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін ардақты ұстазымыз Сатымбаева Ләйлә, Атамұра білім порталының арнайы Алғыс Хатымен марапатталды.
Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасы"
28
апрель
2021
Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасы"
   Пандемияға байланысты қашықтан оқыту кезінде оқушыларға республика деңгейінде телесабақтар өткізуге үлес қосып, белсене атсалысқаны және шығармашылық ізденісі үшін М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың аяулы ұстаздары: Шыных Жаналған мен Сатымбаева Лайла Умурзаковна Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.