Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кәсіподақ ұстаздармен бірге..."
30
сентябрь
2023
"Кәсіподақ ұстаздармен бірге..."
Ұстаздар күні қарсаңында өткен айтыс аламанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибрагимов Алтынбек жүлделі 2-орынды иеленді.  Өлеңіңмен өрнектедің  таң алаңда, Оза шауып орын алып аламанда. Мұқағали мектебінің мәртебесін, Көтеріп көңілді еттің даралана.
"Алматының үздік мұғалімі"
29
сентябрь
2023
"Алматының үздік мұғалімі"
М.Мақатаев атындағы 140 гимназияның тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы "Алматының үздік мұғалімі" конкурсына белсене атсалысқаны және білім саласында өскелең ұрпақты тәрбиелеп, дарынды да талантты, шығармашыл жастарға ұлағаттылықтың жолында сіңірген еңбегі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталоды. 
"Қызықты география әлемінде..."
29
сентябрь
2023
"Қызықты география әлемінде..."
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5-сынып оқушылары Төлеу Ерасыл мен Абай Айқын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушыларымен бірге «Жергілікті аумақтағы халық тұтынушы судың сапасын талдау» тақырыбында  тәжірибе жүргізді. 
"Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті"
29
сентябрь
2023
"Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті"
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның "Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті" болып сайлау қорытындысы бойынша  10 "Г" сынып оқушысы Орынбасар Әділет сайланды. Сайлауға түскен Аубакир Абзал, Бармақбаев Рамазан, Мейірқұл Әліби, Ыдырыс Айдын министрлер ққұрамын толықтырды.  
"Алтын белгі" иегерлерін құрметтеу рәсімі
22
июнь
2023
"Алтын белгі" иегерлерін құрметтеу рәсімі
Бүгін, 2023 жылдың 22 маусымында Алматы қаласы бойынша "Алтын белгі" иегерлерін құрметтеу рәсімі болып өтті. Салтанатты ашылу рәсімін Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы - Жылқыбаева Ләззат Әуезхановна ашты. Бостандық ауданында 34 мемлекеттік мекемеде білім алушылар саны - 38406, түлектер саны - 1817. Жеке меншік мектеп - 29, түлектер саны - 638. Барлығы - 2455. Алтын белгі иегері - 72. Мемлекеттік мекемеден - 47 Алтын белгі, жеке меншік мектептерден - 25 оқушы иеленді. Шәкірттеріміз
Оқушыларымыздың жетістіктері
06
июнь
2023
Оқушыларымыздың жетістіктері
5 “Г” сынып оқушысы Нұрбек Аяжан Ташкент қаласында Халықаралық байқауға қатысып, прима қобыз тартудан жеке және топпен  өнер көрсетіп “Бас жүлдені” жеңіп алды. Құттықтаймыз! Шын жүректен қуаныштымыз!
Республикалық олимпиада жеңімпаздары
01
июнь
2023
Республикалық олимпиада жеңімпаздары
Шәкірттеріміз, республикалық олимпиада жеңімпаздары Ермекова Меруерт пен Нүсіпбек Тоғжан Алматы қаласының әкімінің алғыс хатын алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шын жүректен қуаныштымыз. Жетекшілері: Сагынгалиев Даурен Наурызбаевич, Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы
Туризм және өнер фестивалі
31
май
2023
Туризм және өнер фестивалі
1 "Е" сынып оқушысы Рахман Али Түркия мемлекеті, Финике қаласында (Қазақстан, Түркия, Румыния, Молдова,  Болгария, Грузия) 6 мемлекет арасында өткен “Туризм және өнер фестивалі" халықаралық байқауында "Көркемсөз" жанры бойынша Еркебұлан Кеңейханның “Жеті Ата” өлеңін оқып, Гран При иегері атанды!!! Құттықтаймыз!!!
Мәдениет саласының үздігі
26
май
2023
Мәдениет саласының үздігі
Ұстазымыз Жәлімбетов Манарбек Мәмбетұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісін иеленді. Құттықтаймыз!!! 
"Өз жұлдызыңды жақ"
06
апрель
2023
"Өз жұлдызыңды жақ"
Бастауыш сынып мұғалімі Мухсина Мадина Маратбекқызы "Өз жұлдызыңды жақ" байқауының аудандық кезеңінен 3-орын алды. Құттықтаймыз! Жас мамандар арасында сынға түсіп, өз өнерін ортаға салып, тәжірибесімен бөліскен ұстазымызға тек шығармашылық табыс тілейміз!