13
апрель
2026
Спорттағы жарқын жетістік!
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 10-сынып оқушысы Манкенов Санжар комбат дзюо-дзюцудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жоғары шеберлік көрсетіп, ІІІ орынды иеленді.Бұл жетістік – табанды еңбектің, жүйелі дайындықтың және жеңіске деген жігердің нәтижесі. Санжардың спорттағы табысы гимназиямыз үшін үлкен мақтаныш.Манкенов Санжды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!Жарайсың, Санжар!





