Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІК – ЕҢБЕК ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ НӘТИЖЕСІ!
15
май
2026

СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІК – ЕҢБЕК ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚТЫҢ НӘТИЖЕСІ!

М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 8-сынып оқушысы Жарылқасын Алдияр таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІІ орын иеленді.

Бұл жетістік – Алдиярдың спортқа деген сүйіспеншілігінің, тынымсыз еңбегі мен табандылығының жемісі. Республикалық деңгейдегі жарыста жүлделі орын алу – үлкен мақтаныш әрі жоғары дайындықтың көрсеткіші.

Алдиярды, оның ата-анасын және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, спорт жолында жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Жарайсың, Алдияр! Жеңіс тұғырының биігінен көріне бер! 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: