Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Отбасы – бақыт мекені»
15
май
2021
«Отбасы – бақыт мекені»
   М.Мақатаев атындағы № 140 гимназияда, 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай 5-7 сыныптар арасында, «Отбасы – бақыт мекені» атты викториналық ойын сабақтары өткізілді. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Болашақ ұрпақтың - еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасатыны сөзсіз. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші, білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.  Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы десек, осы орайда
“Отбасы - ұлттың тірегі”
14
май
2021
“Отбасы - ұлттың тірегі”
    Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.  15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, гимназиямызда, “Отбасы - ұлттың тірегі” тақырыбында, 8-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.  Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді таба аламыз. «Алты аға бірігіп - әке болмас,  Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр.
Гимназия шәкірттерінің челленджі
09
май
2021
Гимназия шәкірттерінің челленджі
    Қан майданда қаза тапқан, батыр бабаларының рухына тағзым етіп, ерліктерін ұлықтау мақсатында, гимназиямыздың шәкірттері челлендж ұйымдастырған болатын. Соғыс жылдары көрсеткен ерліктері мен есімдерін тілге тиек етіп, игі бастаманың ұйытқысы болды.
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
08
май
2021
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
    Гимназиямыздың әкімшілік ұжымы соғыс және тыл ардагерлерін айтулы мерекеде қалыс қалдырмай, құттықтап шықты. Ардагерлеріміздің жай-күйімен таныс болып, ақшалай сыйлық табысталды. Сонау сұрапыл соғыста елі, жері үшін қасық қаны тамғанша күрескен ардагерлеріміздің ерліктері ұмытылмақ емес! Ардагерлерімізді ардақтайық!
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
08
май
2021
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
   Біз бақытты жандармыз, себебі Отанымыздың бейбіт аспаны астында дүниеге келдік. Ешқашан зеңбіректерден  жауған оқтардың, жарылған бомбалардың даусын естіген жоқпыз. Біз аштық пен суықты білмей, өз жақындарымыздың тағдырына алаңдамай өстік. Бізге, бейбіт өмірдегі балаларға, сол бір зұлмат соғыс жылдарындағы ауыртпалықты сезіну қиынға түседі. 
«Адалдық – ардың ісі» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы
05
май
2021
«Адалдық – ардың ісі» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы
    2021 жылдың сәуір айында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің ұйымдастыруымен, гимназиямыздың аяулы ұстазы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин атындағы «Үздік педагог»  төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің иегері, ұстаз-ақын Сафура Сәлімбайқызы Темурбаеваның, шығармашылығына арналған «Адалдық – ардың ісі» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға атсалысқан барша
“Ұлы есімдер ұмытылмайды”
04
май
2021
“Ұлы есімдер ұмытылмайды”
    04.05.2021ж. күні, Ұлы Отан соғысы мен оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру, Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, “Ұлы есімдер ұмытылмайды” тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
Ұлы Жеңістің 76 жылдық  мерекесіне орай
04
май
2021
Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесіне орай
«Ұрпаққа ұран болған Жеңіс күні» викториналық-онлайн конференция Есебі 03.04.2021 жылы 9 сыныптар арасында «Ұрпаққа ұран болған Жеңіс күні» викториналық-онлайн конференция өткізілді. Викториналық сұрақтарға оқушылар жоғарғы деңгейде жауап беріп, дисскуссиялық өрнек  кезінде әр оқушы өз ойын нақты жеткізіп, барынша пікірлерін дәйектемелермен дәлелдеді. Тапсырмаларда  6 айналымнан туратын қызықты деректер мен  жеке тұлғаларға қатысты мәліметтер жасырылды.Оқушылардың Отанға деген махаббаты мен
Экология және біз
30
апрель
2021
Экология және біз
   Табиғатты түсіну  аясында  экологиялық  проблемалардың болатынын ұғындыра отырып, оны қорғауға , үнемдеуге, аялауға  үндеу әрі судың  ластануына , өсімдіктің жойылуына , орманның оталуына  адамның  тікелей әсері бар  екенін ұғындыру мақсатында пән мұғалімдері мен Түстікбаева Құралай апайдың жетекшілігімен 30.04.2021ж. күні 8-10 сыныптар арасында  "Экология және біз" тақырыбында қорытынды дәрістер өткізілді. Конференцияч барысында түрлі экологиялық жағдайларды талдап, оқушылар да өзіндік
“Ел бірлігі - ел теңдігі” атты танымдық дәріс
30
апрель
2021
“Ел бірлігі - ел теңдігі” атты танымдық дәріс
   Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күніне орай, гимназиямызда 5-сыныптар арасында “Ел бірлігі - ел теңдігі” атты танымдық дәріс өткізілді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасы екені сөзсіз. Тұңғыш елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы