Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті
07
сентябрь
2022
«Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті
      Қазіргі  таңда  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың қоршаған ортаға бейімделуі,  қоғамда  өз  орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының  қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауы сынды мәселелердің алдын-алу мақсатында жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығы зор.  Қыркүйектің 7-сі М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9-сыныптары арасында «Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті. Бостандық ауданы АПБ ЖПҚБ ЮПБ
«Сіздің балаңыз – оқушы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
05
сентябрь
2022
«Сіздің балаңыз – оқушы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
      5,6-қыркүйек күндері М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 1-сынып ата-аналарына «Сіздің балаңыз – оқушы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында сынып жетекшілері 2022-2023 оқу жылының 1-сыныптарына байланысты ерекшеліктерін, мектеп тәртібін, мектеп-мұғаліп-ата-ана үштігінің бірлескен жұмысының маңызын айтып өтті. «Аталар мектебі», «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі» және «Аналар мектебі» арқылы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлінің маңыздылығын түрлі тренингтер
"Білімді ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2022
"Білімді ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы алғашқы қоңырау
    Білім күні құтты болсын! "Білімді ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынынан жарқын сәттер...
Саяхат және экскурсия уақыты!
14
июль
2022
Саяхат және экскурсия уақыты!
  Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында "Саясат және экскурсия уақыты" тақырыбы аясында 1-сыныптан бастап 10-сынып оқушылары   гимназия ұстаздарымен бірге қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихи-мәдени жерлермен танысты. Музейлерді тамашалап, театрларға барды. Балаларға арналған қойылымдардың көрермені болып, жан азығын танымдық ақпараттармен байытып қайтты.   "Саясат және экскурсия" тақырыбында гимназия оқушылары отбасыларымен қайда қыдырып, уақытты қалай қызықты өткізгендігі туралы
Түлектер концерті
16
июнь
2022
Түлектер концерті
     Маусымның 16-ы мектеп түлектері үшін қимастық пен қуаныш қатар келген маңызды дата еді. Бұл күні ұстаз, ата-ана, мектеп туралы әндер жиі шырқалды.  Қоштасу вальсі биленді. Оқушылардың бал-бұл жанған жүздерінен, көздерінен ерекше бір жалынды байқау қиын емес еді. Ұстаздары алдағы өмірге жүрекжарды тілегін жеткізсе, шәкірттері рақметін білдірді. Әнші Ұшқын Жамалбек келіп, ән салып, алабұртқан шәкірттерге сенім сыйлады. Қолдарына тағы бір төлқұжатын, аттестатын алған түлектер қимай-қимай
9-сыныптардың бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді
13
июнь
2022
9-сыныптардың бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл
    Өмірдің бір белесінен өтіп, жаңа асуына аяқ басқан 9-сынып оқушыларының негізгі мектеп курсын бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді. Шәкірттеріміздің мерекелік кешін тамашалап, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың әрбір өнеріне сүйсіне қараған жанарынан ұлтқа деген қамқорлық пен мақтаныш ұшқыны көрінді десек, артық айтқанымыз емес. Гимназия басшысы Сәния Өскенбайқызының бастамасымен гимназияның тыныс-тіршілігімен таныс болған ұлт жанашыры, қазақтың
“Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты мерекелік жиынымыз
25
май
2022
“Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты мерекелік жиынымыз
      Тарыдай болып кіріп, таудай талабымен мектеп табалдырығының соңғы күндерін аттаған түлектер үшін 25 мамыр - ұмытылмас күн. Бұл күн - жүректің жиі дүрсілдеп, қимастық сезімінің соңғы сағаттары орындалатын күн. Бұл күні мектебімізде өткен “Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты мерекелік жиынымыздың басты кейіпкерлері де - мектеп түлектері. Сәт сапар, жас түлек!       Халықаралық, республикалық  білім, өнер байқауларынан жүлделі оралған гимназияның 33 оқушысы “Жаңа Қазақстан болашағы” төсбелгісімен
“Еркеназ” жетігеншілер ансамблінің есеп беру концерті
24
май
2022
“Еркеназ” жетігеншілер ансамблінің есеп беру концерті
       24 мамыр күні гимназиямызда республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы “Еркеназ” жетігеншілер ансамблінің есеп беру концерті өтті. Бағдарламада қазақ және шел ел композиторларының туындылары орындалды. Ансамбль жетекшісі халықаралық конкурстардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі - Апенова Асылай. Кеш барысында  қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы жетігеннің көмегімен орындалған шығармалар жиналғандардың жанына тыныштық, көңілдеріңе көктем сыйлады. Нәзік
"Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы
23
май
2022
"Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы
       23 мамыр күні №4 орталықтандырылған қалалық кітапханада ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, "Ыбырай Алтынсарин", "Үздік педагог" төсбелгілері мен "Құрмет" орденінің иегері Сафура Сәлімбайқызы Темурбаеваның шығармашылығы бойынша "Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға қатысушылардың ішінде ұстаз да, студент те, оқушы да кездеседі. Ақын өлеңдерінен жырдан маржан төгіп, әннен шашу шашқан қатысушыларға жүлделі сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Мектебімізден