01
май
2026
Қос мерейтой қарсаңында қос кітаптың тұсауы кесілді








Бүгін - барша өнер сүйер, әдебиет сүйер қауым бас қосқан ерекше күн. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы мен Мұқағали Мақатаев атындағы гимназияның 35 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келген шақта қос бірдей тамаша кітаптың тұсауы кесілді. Бірі – Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына, гимназияның 35 жылдығына орай, Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы, 140 гимназия директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы, «Құрмет» орденінің иегері Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, аталмыш гимназияның 2021 жылғы түлегі, қазіргі ұстазы Әбдіманап Дана Қанатқызының авторлығымен жазылған “Мектебім – білім ордасы” кітабы болса, бірі - белгілі қаламгер, ақын Ілгербаева Жеңіскүл Сейітқұлқызының «Сен айт менің ойымды айта алмаған» кітабы. Қос мерейтойға арналған қос кітаптың тұсауын Жұлдыз Мұқағалиұлы, Бақыткүл Мұқағали келіні, Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан орденінің» иегері Миразова Аягүл Төреқызы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аралбаев Сәкен Жаббарұлы, тіл жанашыры Асылы Осман, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Естенов Тоққожа кесті.Тұсау кесу рәсімін белгілі журналист Берік Көшербекұлы жүргізді.Қос мерейтой қарсаңындағы тұсауы кесілген кітаптардың оқырманы көп болсын!





