«OPENSCHOOL: ТАБЫСТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ ЭКСКУРСИЯ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2026 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы М. Мақатаев атындағы №140 гимназия базасында білім беру ұйымдарының жас басшылары мен кадрлық резерв өкілдеріне арналған қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізді. Іс-шара «OpenSchool: табысты тәжірибелерге экскурсия» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — басқарушылық құзыреттерді дамыту және заманауи мектептің тиімді тәжірибесін тарату.
Семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымын басқару жүйесімен, озық педагогикалық тәжірибелермен және білім беру менеджментіндегі заманауи тәсілдермен танысты. Сонымен қатар білім сапасын арттыру және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Семинар қаланың білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби дамуға және сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды. Ұсынылған тәжірибе қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, оның практикалық маңызы атап өтілді.





